
«11» қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылының аумағында «Казталов-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты - Казталов ауданының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы