Қостанай қаласында антитеррористік оқу-жаттығуды өткізу туралы

Қостанай қаласында антитеррористік оқу-жаттығуды өткізу туралы
2026 жылдың 28 тамызында түске дейін Қостанай қаласында, Қостанай облыстық терроризмге қарсы жедел штабы Қостанай теміржол вокзалы мен А.Байтурсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы АҚ аумағында антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты: құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпаратқа сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.
 
 
Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы