Байзақ ауданы аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Байзақ ауданы аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы аумағында терроризмге қарсы Байзақ аудандық жедел штабымен «Байзақ-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Жамбыл облыстық жедел штабы