
Түркістан облысы Ордабасы ауданында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, мансап орталығы, аудандық инспекция қызметкерлеріне және аудандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға күдікті заттар анықталған жағдайда әрекет ету реттілігі мен күдікті контенттерден және насихаттардан қорғану тәсілдерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинар облыстық ТҚК нұсқауының аясында және мемлекеттік қызметкерлердің террористік қауіпке иммунитетін көтеру мақсатында алғашқы ден қою әрекеттерін бойларына сіңіру және күдікті заттарды анықтау туралы түсіндіру болып табылады.
Іс-шарада ең алдымен теріс идеологияларды жақтаушылармен күрестегі бірлескен міндет, күдікті заттар анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі және салалық террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптар туралы түсіндірілді.
Жиналыста аудандағы теріс идеологиялардың таралуының негізгі себептері, олардың алдын-алу, әлеуметтік желілердегі қарсы насихаттық материалдардың сапасын күшейту және кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық шаралардың маңыздылығы туралы талқыланды.
Семинарда ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен арнайы дайындалған терроризм қаупі туындаған кезде алғашқы әрекет ету алгоритмі тақырыбындағы бейнематериал ұсынылды.
Кездесу соңында, әлемдегі соңғы саяси оқиғаларға сәйкес, шетелдік тыйым салынған уағызшылар туралы сөз қозғалып, оларды тыңдаудың қауіптілігі, теріс ағымдардың белгілері, олардың әлеуметтік желілер арқылы жүргізетін теріс насихаттары мен әдіс-тәсілдері туралы баяндалды.
Кездесу соңында терроризмге қарсы әрекет ету бағытында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды