Ордабасы ауданында оқу тәжірибесін өткізу туралы

Ордабасы ауданында оқу тәжірибесін өткізу туралы

2026 жылғы 5 тамызда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ордабасы аудандық жедел штабымен оқу тәжірибесін өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Түркістан облыстық жедел штабы