2026 жылғы 22 шілде күні Қарағанды облысы Балқаш қаласының аумағында Балқаш қалалық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу экспериментін өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу экспериментіне қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Қарағанды облыстық терроризмге қарсы
күрес жөніндегі жедел штабы