2026 жылғы 10 шілдеде Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының басшылығымен жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.
Оқу-жаттығудың мақсаты Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінде «Қашаған» кен-орны аймағындағы теңіз экономикалық объектілерінде терроризм актілерін тежеу үшін терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысатын мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерінің қайықтарын суға түсіру элементтері бар, террористік көріністерге шұғыл әрекет ету бойынша оқу іс-шарасын іс жүзінде пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы