Қарқаралы ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

Қарқаралы ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 23 маусым күні сағат 10.00 мен 14.00 аралығында Ақтоғай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда («Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі»).
Оқу-жаттығу аясында, Ақтоғай ауданында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.


Қарағанды облыстық терроризмге
қарсы күрес жөніндегі жедел штабы