
А.ж. 10 маусымда сағат 11.30 ден 15.30 аралығында Шортанды ауданында Шортанды ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда (Алтын қазан мейрамханасы).
Оқу-жаттығу аясында, Шортанды ауылында кенттерінде автокөліктер мен халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Ақмола облыстық терроризмге
қарсы күрес жөніндегі жедел штабы