Мақтаарал ауданында жедел-тактикалық оқу-жаттығуынөткізу туралы

Мақтаарал ауданында жедел-тактикалық оқу-жаттығуынөткізу туралы
2026 жылғы 5 маусымда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Мақтаарал аудандық жедел штабымен, жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.
 
 
Түркістан облыстық терроризмге қарсы
күрес жөніндегі жедел штаб