Амангелді аудандық жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Амангелді аудандық жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы
2026 жылдың 13 мамыр күні сағ. 14:30 18:30 аралығында Амангелді ауданы «Мәдениет үйі» (Амангельды ауылы, Маметов көшесі,4 үй) Амангелді аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Амангельді-Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Ақпаратқа тек ресми дереккөздерге сүйенуге өтінеміз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҚостанай облыстық жедел штабы