Бесқарағай ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Бесқарағай ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

2026 жылдың 12 мамыр күні 08:00 ден бастап Бесқарағай ауданы аумағында Павлодар және Абай облыстық, сонымен қатар Бесқарағай аудандық терроризмге қарсы жедел штабтарымен «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Оқу жаттығу өткізу объектілерінің айналасында шектеу шаралары қарастырылған.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді, жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге және
оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің
іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы