Шахтинск қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

Шахтинск қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 8 мамырында сағат 10.00 мен 14.00 аралығында Шахтинск қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда (КМҚК «Шахтинск технологиялық колледжі»).
Оқу-жаттығу аясында, Шахтинск қаласында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.


Қарағанды облыстық терроризмге
қарсы күрес жөніндегі жедел штабы