
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Ақсу-Аюлы кентінде терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда (Шет ауданы ММ «Білім бөлімі»).
Оқу-жаттығу аясында, Ақсу-Аюлы кенті аумағында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Қарағанды облыстық терроризмге
қарсы күрес жөніндегі жедел штабы