Абай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

Абай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

2026 жылғы 16 сәуір күні Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы аумағында Ақсуат аудандық жедел штабының жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізу жоспарлануда. Оқу-жаттығу барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде жағдайдың дамуына байланысты әртүрлі сценарийлерге жедел ден қою мәселелері пысықталады.
Азаматтардан автокөлік пен тұрғындардың қозғалысына байланысты туындауы мүмкін уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау, қауіпсіздік шараларын сақтау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау сұралады.
Сондай-ақ ресми ақпарат көздерінен мәлімет алудың маңыздылығы және жалған ақпарат таратуға жол бермеу қажеттігі еске салынады.


Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы