Салалық террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты ТҚК отырысы өткізілді

Салалық террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты ТҚК отырысы өткізілді

ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының (бұдан әрі – ТҚО) бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық әкімдігінің ғимаратында ТҚО штабының тапсырмаларын түсіндіру және іске асыру мәселелері бойынша ТҚК жұмысшы тобының отырысы өтті.
Аталған жиналысқа Түркістан облыстық ТҚК жұмысшы топ мүшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында ТҚО штабының ТТО объектілерді қорғауда «салалық тәсілді» іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары қаралды. Атап айтқанда, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты және «салалық» объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту кезеңінің аяқталғаны атап өтілді.
Осыған байланысты, ТТО объектілердің терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында ТҚО штабымен ТҚК комиссия аппараты мен орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен тоқсан сайын семинарлар өткізу ұсынылды.
Жиын қорытындысы бойынша (білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, сауда, көлік және басқа да басқармалар) бөлінісінде ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланып, ТҚК аппаратына ұсыну қажеттігі туралы тапсырма берілді.
Жиын қорытындысы бойынша, ТТО объектілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында сұрақтар қойылып қызметкерлер тарапынан толық жауаптар берілді.


ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі