РАДИКАЛДЫ ОРТАҒА ТАРТАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

РАДИКАЛДЫ ОРТАҒА ТАРТАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

Радикалдану көбіне тек идеологияның әсерінен емес, адамның ішкі психологиялық жағдайына байланысты қалыптасады. Экстремистік топтар дәл осы әлсіз тұстарды пайдаланып, адамдарды өз қатарына тартуға тырысады.
Ең негізгі факторлардың, бірі - жалғыздық пен түсінбеушілік сезімі. Өзін қоғамнан шет қалгандай сезінетін адам қолдау іздейді, ал радикалды топтар осы қажеттілікті өз мүддесіне пайдаланады.
Келесі маңызды себеп - әділетсіздікке деген ашу-ыза. Қоғамдағы немесе жеке өміріндегі қиындықтарды бастан өткерген адам кіналіні іздейді. Осындай сәтте радикалды идеология оған «жауап» ұсынғандай болады.
Сондай-ақ, өмірлік мақсаттың, болмауы да әсер етеді. Бағыты анық емес, болашағына сенімсіз адам «ерекше миссия» туралы идеяларға оңай сеніп қалуы мүмкін.
Тағы бір фактор - өзін-өзі төмен бағалау. Өз мүмкіндігін бағаламайтын адам сырттан мойындау іздейді. Радикалды топтар оны «маңызды адам» ретінде керсетіп, сеніміне кіреді.
Сонымен қатар, сыни ойлау қабілетінің, әлсіздігі үлкен рөл атқарады. Ақпаратты талдамай қабылдау, эмоцияға берілу - манипуляцияга жол ашады.
Кей жағдайларда қорқыныш пен тұрақсыздық та әсер етеді. Қоғамдағы өзгерістер, белгісіздік адамдарды қарапайым әрі «нақты» жауап іздеуге итермелейді, ал радикалды идеялар дәл сондай көрінуі мүмкін.
Мұндай факторларды дер кезінде түсіну - радикалданудын алдын алудың маңызды қадамы. Жақындаға қолдау көрсету, ашық әңгіме жүргізу және ақпараттық сауаттылықты арттыру – қауіптің алдын алады.
Әрбір адам өз психологиялық, жағдайына мән беріп, күманді ықпалдарға сын көзбен қарауы тиіс.

 

Материал Атырау қаласы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалған