Радикализмге қарсы түсіндіру жұмысы

Радикализмге қарсы түсіндіру жұмысы

Жезқазған қаласында радикалды көзқарастардың алдын алу және қоғамның танымдық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды. Іс-шараларға «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы және жергілікті мешіт жамағатының өкілдері қатысты.
Кездесулерге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Ғазиз Ахметов шақырылып, қатысушыларға қазіргі қоғамдық үдерістер мен өзекті қауіптер жөнінде кеңінен мәлімет берді. Ол экстремизм мен терроризм идеологиясының таралу жолдарын, оның әлеуметтік-рухани ортаға ықпалын және жастардың радикалдануына әсер ететін негізгі алғышарттарды нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Спикер өз сөзінде дәстүрлі құндылықтар мен деструктивті ағымдардың айырмашылықтарына тоқталып, күмәнді ақпаратты саралау, сенімді дереккөздерді пайдалану және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары қатысушылардың танымдық деңгейін арттыруға және радикалды идеологияларға қарсы орнықты ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.
Шараға қатысқан азаматтар маманға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ғылыми және сараптамалық негізделген толыққанды жауаптар алды. Сондай-ақ қатысушылар мұндай кездесулердің жүйелі түрде ұйымдастырылып тұруының маңызын атап өтіп, аталған жұмыстар өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға оң әсер ететінін жеткізді.
Өткізілген кездесулер Жезқазған өңіріндегі қоғамдық келісімді сақтауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрғындар арасында радикалды көзқарастарға қарсы иммунитет қалыптастыруға елеулі үлес қосты.


Материал Ұлытау облысы ТҚК аппараты
ұсынған ақпарат негізінде дайындалды