
Абай облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің әскери қызметшілерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында ашық диалог өткізілді.
Іс-шараға 400-ден астам әскери қызметші қатысты. Жиын барысында Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-мамандары қатысушылардың радикалды идеялардың белгілері, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау туралы сұрақтарына жауап беріп, дін саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Кездесу барысында әскери қызметшілерге әлеуметтік желілер мен интернет-кеңістіктегі қауіпсіздік шаралары жөнінде кеңес берілді. Мамандар орталықтың ресми парақшаларын ұсынып, дінді дұрыс ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, теріс ағымдардың арбауына түспеудің жолдары туралы практикалық ұсынымдар берді.
Материал Абай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды