Деструктивные религиозные секты, которые запрещены в Казахстане. Что о них нужно знать

Деструктивные религиозные секты, которые запрещены в Казахстане.  Что о них нужно знать

Жаһанда деструктивтік идеяларды тарататын діни ұйымдардың саны өте көп.

         Тек қана Қазақстанда тыйым салынған террористік құрылымдардың ұлттық тізбесіне 20-дан астам шетелдік ұйымдар енген.

         Экстремистік діни секталардың деструктивтік идеологияларының барлық негізгі жағдайлары оның негізін қалаушылардың бірқатар себептеріне келіп тіреледі: елдің билігін жаулап алу ия болмаса секта жақтаушыларға өз биліктерін жүргізу, алаяқтық пен жақтаушылардың ақшаларын тартып алу, өз-өздерін ұлықтау және өздерін тірі құдай деп санау, ұлтшылдық. Қазақстан мен ТМД азаматтарын жасырын ынтымақтастыққа тартулары мүмкін бірқатар елдерде тыйым салынған үш ұйымдар мысалында олардың идеологиясы мен әрекеттерінің мемлекет пен азаматтар үшін салдарын қарастырайық.         

Халықаралық панисламистік саяси партиясы. Бұл ұйым 1953 жылы Шығыс Иерусалимде шариаттың жергілікті апелляциялық сотының соты Такиюддинан-Набханимен құрылған.

Идеологиясы.

«Әділетті исламдық өмір салтын және ислам мемлекетін – халифатты қайта орнату – және онда ислам жүйесін іске асыру» үшін күресу. Ұйымның жасарын ынтықмақтастыққа тартушылары мемлекетте қалыптасқан мемлекеттік құрылымды құлатуды және оның аумағына исламдық халифатты орнатуды насихаттауымен қауіпті.

         Әрекеті.

Ресейде ұйым «басқа діндерге төзбеушілікпен тіркескен соғысқұмар исламлық насихат; жақтаушыларды жасырын ынтымақтастыққа белсенді тарту, қоғамды жіктеуге бағытталған жұмыс жүргізу (ең алдымен насихаттау)» деген тұжырымдаумен террористік деп танылған. Азаматтарды күшпен билікті басып алуға, яғни, жалпы алғанда азамат соғысына шақыруларымен қауіпті. Заманауи кезеңде экстремистер тек қана теракт жасау міндеттерін ғана көздемейді, олар билік органдарына, күштік құрылымдарына, соттар құрамына енуге және мемлекеттік құрылымды бұзуға ұмтылады.

Қайда тыйым салынған.

Ресейде, Германияда, Қазақстанда, Түркияда, Пәкістанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда және басқа да бірқатар шығыс-еуропалық және азия мемлекеттерінде, БАӘ, Ливан және Йеменнен басқа барлық араб елдерінде.

Бірқатар елдерде тыйым салынған діни қозғалыс 1926 жылы Үндістанда пайда болды. Бұл ұйым Пәкістандағы ең ірі діни топтың бірі ретінде табылуда. Қозғалыстың ең басты мақсаты жаппай бұқараны олардың әлеуметтік және экономикалық статустарына қарамай исламға тарту. Оны ұстанушылар мемлекеттік құрылымды төңкеруге шақырмаса да жақтаушыларды, оның ішінде ТМД елдері қатарынан шыққандарды, белсенді жасырын ынтымақтастыққа шақырады. Бұл осы мемлекет азаматтарының басқа елдерде жүрген ұйым басшылары үшін қалауларынан құлақ аспайтын орындаушы болатындығын көрсетеді.

Идеология.

«Таблиғи жамағаттың» ең негізгі талаптарының бірі: қозғалыстың жолын ұстаушылар айына бір рет, жылына бір рет – 40 күндік, өмірінде бір рет – 4 айлық дааватқа (ислам насихатына) қатысуға міндетті. Дааватистер көшелерді аралап жүріп мұсылмандарды мешітке шақырады. Басқа да талаптар бар: бір құдайға сену, келмені айту, намаз оқу, ислам білімін алу, құдайды үнемі есіне алу, икром муслим – басқа мұсылмандарға құрмет, құдайға қызмет ету.

Әрекеті.

Жыл сайын ТМД елдері ішінен шыққан ұйымдарды уағыздаушылары Пәкістанға, Үндістанға және Бангладешке дааватқа барады, сонда жыл сайын өтетін жиналыстарға қатысады. Бұдан басқа, ТМД-дан шыққан балалар бұл мемлекеттерде олардың отандарында қабылданбаған бөтен идеологияға оларды баулитын арнайы орталықтарына және «Таблиғи жамағаттың» медреселерінде оқуға барады.

Қайда тыйым салынған.

ШЫҰ экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы конвенциясына қосылған көптеген елдерде «Таблиғи жамағат» ұйымы заңға қайшы деп танылған. ҰҚШҰ келісімінде де экстремистік деп танылған. Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Қытайда және Тәжікстанда сотпен тыйым салынған.

Мысырлық Али Абдух Исмаилмен құрылған, содан кейін Шукри Мустафамен басқарылған радикалды такфириттік ұйым.

Идеология.

Бұл идеологиялық платформасы ислам қарым-қатынасының ерекше моделін құру үшін қауымдастық жақтаушыларын қандай да бір жеке жерге қоныс аудартуға негізделген.

Әрекеті.

1977 жылы «ат-Такфир ва-ль-Хиджраның» мүшелері каирдің түнгі клубына шабуыл жасады. Сол жылы Шукри Мустафаны жақтаушылары мысырдың дін істері жөніндегі министрі Мухаммеда Хусейна ад-Дахабины кепілдікке алып, түрмеден өздерінің қолдаушыларын босатудан бас тартқаннан кейін оны өлтірді.

2014 жылы тамыз айында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, ҚР аумағында оның қызметіне тыйым салынды. 

Бүгінгі таңда Атырау, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан әр жылдары қоныс аударған «Ат-такфир уаль-хиджра» жолын ұстаушылардың 100-нің 50-і Еуропалық бірқатар елдерде, атап айтқанда Австрия, Германия, Польша және Чехияда тұрады. Олар чех, неміс және польша «жамағатын» (ұясын) құрайды.

Қайда тыйым салынған.

Мысырда, Қазақстанда және басқа бірқатар елдерде.