Тараз қаласының қалалық соты ғимаратында ер адам гранат жармақ болып қауіп төндіреді

Тараз қаласының қалалық соты ғимаратында ер адам гранат жармақ болып қауіп төндіреді

5 қарашада 9 сағат 10 минутта Жамбыл облысының Полиция департаменті кезекші бөліміне Тараз қалалық сотының фойесіне ер адам кіріп, сөмкесіндегі гранатаны жарып жіберетінін айтып үрей туғызады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Жамбыл облыстық психоневрология диспансерінде есепте тұратын 49 жасар азаматты ұстайды.

Ұсталған адамның сөмкесінде ешқандай жарылғыш құрылғы, граната және өзге де оқ-дәрі болған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру» 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адам Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды.

https://polisia.kz/ru/muzhchina-ugrozhal-vzorvat-granatu-v-zdanii-gorodskogo-suda-v-taraze/