
Алматы облысында спортшылар арасында радикалды идеология мен терроризмнің алдын алу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді. Іс-шаралар «Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» мен Талғар қаласындағы «А. Кивилев атындағы спорт мектебінде» ұйымдастырылды. Қатысушыларға радикалды идеялардың белгілері, олардың жастар мен қоғамға тигізетін теріс әсері, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпті контенттен сақтану жолдары және заң талаптарын орындау мәселелері түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» мамандары –
Дүнгенбек Мадияр Жангазыұлы, Әбді Әділет Әбдіхалықұлы және Кырбасов Тимур Улугбекович жүргізді. Спортшылар ашық пікірталасқа қатысып, сұрақтарына жауаптар алды. Бұл кездесулер спорттық ортада
рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және жастарды радикалды идеялардан қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық шара болып табылады.
Материал Алматы облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды