
Батыс Қазақстан облысында дағдарыстық жағдайлар кезінде басқару жөніндегі негізгі пункттің дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді.
Іс-шара барысында уәкілетті органдардың дағдарыстық жағдайларға дайындық деңгейі, өзара іс-қимыл және заманауи ақпарат алмасуы ҰҚК басшылығы тарапынан бағаланды.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық қызметтердің дайындық деңгейіне оң баға берілді.
Техникалық жабдықтауды одан әрі жетілдіруге, байланыс арналарының тұрақтылығын арттыруға және жедел қызметтердің жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізілді.
Осындай тексерулерді өткізу төтенше жағдайларға әрекет етудің тиімділігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған