
Мәдениет мекемелері рухани құндылықтарды насихаттау мен заманауи қауіп-қатерлерге, оның ішінде экстремистік идеологияның таралуына қарсы тұру мәселелерін ашық талқылайтын маңызды алаңға айналып отыр.
Аягөз аудандық кітапханасында және Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейде ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен экстремизмнің алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты нығайту мәселелеріне арналған кездесулер өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға радикалды идеялардың таралу тетіктері, оның ішінде интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ ақпараттық сауаттылықты арттыру, алынған ақпаратты талдай білу және түрлі манипуляцияларға қарсы тұру қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды.
Кітапханада оқырмандардың сыни ойлау қабілетін қалыптастырудағы кітаптың рөліне баса мән берілді. Қатысушыларға тұлғаның дамуына және дүниетанымының кеңеюіне ықпал ететін сапалы әдебиеттерді насихаттаудың маңыздылығы атап өтілді.
Музейдегі кездесу мазмұн жағынан тереңірек, философиялық сипатта өтті. Абай Құнанбайұлының шығармалары негізінде адамгершілік, жеке жауапкершілік, сондай-ақ фанатизм мен шектен шығудың қауіптілігі мәселелері талқыланды. Бұл қатысушыларға экстремизм мәселесіне тек әлеуметтік тұрғыдан ғана емес, рухани қырынан да қарауға мүмкіндік берді. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, мазалаған сұрақтарына тұшымды жауап алды.
Қорытындылай келе, қатысушылар мәдениет, ағартушылық және ашық диалог қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың саналы қатысуын талап ететін ортақ міндет екені айтылды.
Тек өзара құрмет, рухани даму және бірлік жағдайында ғана заманауи сын-қатерлерге қарсы тұрып, үйлесімді қоғам құруға болады.
Материал Абай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды