Ақпараттық-түсіндіру тобының білімін арттыру семинары ұйымдастырылды

Ақпараттық-түсіндіру тобының білімін арттыру семинары ұйымдастырылды

Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Kazzhol Park Almaty» қонақ үйінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелеріне арналған біркүндік оқыту семинары өтті. Жалпы шараға 20-ға жуық адам қатысты.
Семинардың басты мақсаты – экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, АТТ мүшелерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру және заманауи коммуникациялық тәсілдерді меңгерту.
Семинар аясында спикер ретінде «Авторитет» іскерлік дамыту орталығының директоры, менеджмент және тиімділікті арттыру саласының сарапшысы, кәсіби медиатор, психолог Жуматаева Г.М., «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің Дінтану кафедрасының меңгерушісі, дінтанушы Тологон Жанболат шақырылды.
Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Тәжірибелік тапсырмалар арқылы қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Аталған іс-шара ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің білімін арттыруға, қоғамда діни тұрақтылықты нығайтуға және алдын алу шараларының сапасын күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.
Алматы облысы Дін істері басқармасы алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.


Материал Алматы облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды