Терроризммен күрес – ортақ іс

Терроризммен күрес – ортақ іс

2026 жылдың ақпанында Қостанай облысы Арқалық қаласының терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қатысуымен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
Аталған іс-шара терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу жұмысында ТҚК мүшелерінің құқықтық және ақпараттық сауаттылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (1999 жылғы 13 шілде №416-I, 2026 жылғы ақпанға дейінгі өзгерістермен), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығы - терроризм актісі қаупі туындаған жағдайда ақпаратты мониторингтеу және халықты хабардар ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің жұмыс істеу қағидалары (2026 жылға дейінгі жаңартулармен) бойынша дәріс оқылып, қолданыстағы заңнамадағы соңғы өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында терроризмнің алдын алу шаралары, қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмі, азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттық кеңістіктегі қауіп-қатерлер мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға төтенше жағдайлар кезінде сабыр сақтаудың маңыздылығы мен жауапты органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі түсіндірілді.
Іс-шара соңында терроризмге қарсы іс-қимыл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің ортақ міндеті екені атап өтілді. Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.


Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды