Лисаков қаласында жедел-тактикалық жаттығуөткізу туралы

Лисаков қаласында жедел-тактикалық жаттығуөткізу туралы
2026 жылдың 2 сәуір күні сағ. 14:30 18:30 аралығында Лисаков қаласында, «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің жанындағы «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» МКҚК-да (Лисаков қаласы, Мир к-сі, 32) Лисаков қалалық терроризмге қарсы жедел штабы «Лисаков-Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы