"Батыс Қазақстан облысы аумағында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілгендігі туралы"

"Батыс Қазақстан облысы аумағында командалық-штабтық  оқу-жаттығу өткізілгендігі туралы"

Батыс Қазақстан облысы аумағында террористік сипаттағы қылмыстарға ден қоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында Казталов, Бөкейорда, Жәнібек, Теректі және Тасқала аудандарының аудандық жедел штабтарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жедел топтар басшыларының теориялық білім деңгейін тексеру, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл шараларына тартылатын күштер мен құралдардың дайындық күйін бағалау.
Оқу іс-шарасы шеңберінде күштер мен құралдарды әртүрлі дайындық дәрежесіне келтіру, хабарландыру және жинау жүйесін ұйымдастыру, басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері пысықталды.
Іс-шаралар теориялық форматта өткізіліп, террористік сипаттағы шартты дағдарыстық жағдай модельденді және ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында аудандық жедел штаб мүшелеріне мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру, жоспарлау құжаттарын жетілдіру және террористік сипаттағы қатерлерге ден қою тиімділігін арттыру мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.


Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған