
Орал қаласы әкімдігінің діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған тұрақты жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын ортаға салды. Әсіресе спорт ұйымдары мен білім беру мекемелерінде профилактикалық шараларды күшейту, жастармен жүйелі форматта жұмыс жүргізу, әлеуметтік желілердегі түсіндіру контентін арттыру қажеттілігі атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты мерзімдер белгіленіп, хаттамалық тапсырмалар берілді. Қабылданған шешімдер экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және жастар арасындағы тұрақты иммунитет қалыптастыруға бағытталды.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған