
Жамбыл облысында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында өңірдегі антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер қаралды.
Отырысқа құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру және басқа да мүдделі мекемелердің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде терроризмнің алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету тетіктері, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Комиссия мүшелері жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың барысын тыңдап, жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, ақпарат алмасу тиімділігін арттыру және қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін жетілдіру қажеттігі атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және терроризм қатерлерінің алдын алуға бағытталған.
Материал Жамбыл облысы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды