«Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша сабақ өткізілді»

«Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша сабақ өткізілді»

Білім басқарма басшылықтары мен жұмысшылар арасында терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы дәріс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – терроризм қаупі туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекет алгоритмін пысықтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Оқу-жаттығу барысында:

  • нысанның қауіпсіздік жүйелері тексерілді;
  • эвакуация жоспары мен дабыл жүйелерінің жұмысы пысықталды;
  • күдікті заттарды анықтау және хабарлау тәртібі түсіндірілді;
  • әкімшілік құрамының міндеттері мен рөлдері анықталды.

Іс-шара барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды.

 

Материал ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды