
Қостанай облысы Жітіқара ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ауданның бірқатар кәсіпорындары мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізілді.
Іс-шараларға «МехЛитКом» ЖШС, «BRENDT», «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС және «Костанайские минералы» АҚ қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында мекемелердің қызметкерлеріне діни сауаттылық мәселелері, оның ішінде мемлекет құрылымының зайырлы қағидаттары, сондай-ақ радикалды ағымдар белгілері мен қауіп-қатерлері түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде таратылатын экстремистік идеялардың ықпалына жол бермеу мақсатында дін туралы шынайы ақпаратты тек ресми және тексерілген көздерден алу маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен құндылықтарының негізі ретінде түрлі этностар мен діни конфессиялар өкілдері арасындағы бейбітшілік пен өзара сыйластық қажеттілігіне баса назар аударылды.
Осындай іс-шаралар өткізу халықтың құқықтық және діни сауаттылығының деңгейін арттыруға, этносаралық және конфессияаралық келісім мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ аудандағы қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға себептеседі.
Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды