
Шымкентте терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының отырысында көлік саласындағы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Отырыста террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және уәкілетті органның нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Қаралған мәселе қорытындысы бойынша мүдделі құрылымдар арасындағы үйлестіруді күшейту, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша шешім қабылданды.
Айта кету керек, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуі Комиссия қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды