ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҒАНА ІСІ ЕМЕС...

ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҒАНА ІСІ ЕМЕС...

Дана Абайдың 37-қара сөзінде мынандай бір тәмсіл бар. Ақын онда: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват» деп айтқан. Расында бір адамның бұзылуына тұтас қоғам кінәлі, олай болса сол адамның теріс жолға түспеуіне әрбіріміз өз күшіміз келгенше ықпал жасауымыз керек. Бұл адамгершілік һәм қоғамгершілік. Бәлки бүгінгінің тыныштығы, болашағыңның кепілі. Міне, осы аксиоманы алға тартқан Қызылорда  облыстық терроризмге қарсы комисиямен журналистер пулының отырысында құзырлы орган қызметкерлері тілшілерге осыны түсіндірді.

Үгіт насихат пен ақпарат елге етене жету үшін тілшілердің шеберлігі керек, елге түсінікті жеткізу тәсілі мен құбылмалы түрде ақпарат беру тіл менендарының қолында. Сондықтан сіздер жалпы халыққа құзырлы орындар берген  діни экстремизмнің алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ел назарын бұратындай етіп жариялауға көмектессеңіздер деді.

Қатысушыларға облыстық жедел штабтың қызметі және есепті кезеңде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, республика өңірлеріндегі журналистер дайындаған материалдарына шолу жасалып, алдағы уақытта ұсынылатын тақырыптардың өзектілігі айтылды. 

Кездесу барысында журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларды шешу жолдарын талқылады. Журналистер пулы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мен облыстық жедел штаб өткізетін іс-шараларды ақпараттандыруға атсалысатындарын айтты.

Расымен, «терреоризмді алдын-алу тек құзырлы орындардың ісі емес», әрбір адамның, әрбір маманның міндеті. Соның ішінде қызыл тілден түйін түйген тілшілердің шеберлігі әрине өте керек-ақ. Себебі ақпарат қай елдің қолында болса, сол ел билеуші, мықты демей ме. Сол үшін де тілшілер өздеріне үлкен жауапкершілік жүктеп қайтты.

 

Материал Қызылорда облысы бойынша

ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды