Ұзынкөл ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Ұзынкөл ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

2026 жылдың 18 ақпан күні сағ. 15:00 – 17:00 аралығында Ұзынкөл ауылында, «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ -нде Ұзынкөл аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Ұзынкөл - Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты  құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Аталған объектінің айналасында шектеу шаралары қарастырылған.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді, жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Ұзынкөл аудандық жедел штабы