
Алматы қаласынның ҰҚКД ТҚО бөлімің ұйымдастыруымен журналистер пулының қатысуымен қорытынды жиналысы өтті.
Іс-шара барысында Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдарында радикалды экстремизмнің алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды сауатты әрі жауапкершілікпен жариялаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ ресми ақпарат көздеріне сүйене отырып, қоғамға дұрыс әрі нақты ақпарат жеткізудің рөлі атап өтілді.
Жиынға қатысушыларға Алматы қаласының ТҚК жұмыстары мен өткізілген іс-шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар республика көлемінде өзге өңірлердегі журналистер тарапынан дайындалған материалдарға шолу жасалып, оң тәжірибелерді қолдану мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында журналистер пулының мүшелері өзекті сұрақтарын қойып, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасты. Жиын қорытындысында журналистер алдағы уақытта ТҚК өткізетін профилактикалық іс-шаралар туралы ақпараттық материалдарды дайындауға белсенді қатысатынын жеткізді.
Аталған жиын ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.
Материал Алматы қаласы бойынша
ҰҚК ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалған