Алматы қаласында терроризм мен экстремизмнің

Алматы қаласында терроризм мен экстремизмнің

Алматы қаласында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ жас ұрпақтың санасын теріс идеологиялардан қорғау және діни сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шараға Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы маман Мырзабаев Нұрлан арнайы қатысып, 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, мазмұнды лекция оқыды. Лекция барысында «экстремизм», «терроризм», «радикализм» ұғымдарына жан-жақты түсінік беріліп, олардың қоғамға, мемлекетке және жеке тұлғаға тигізер зияны нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Спикер жастардың діни мәселелерде сыни ойлау қабілетін дамытуға ерекше назар аударып, интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын жалған діни ақпараттардың қауіптілігі туралы айтты. Сонымен қатар, радикалды діни ағымдардың негізгі белгілері, оларды ерте кезеңде ажырату жолдары және мұндай жағдайларда кімге жүгіну керектігі жөнінде пайдалы мәліметтер берілді.

Лекция барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу жүргізді. Кездесу жасөспірімдердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, олардың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара тәрбиелік және ақпараттық маңызға ие болып, оқушыларға экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында нақты түсінік берді.

 

Материал Алматы қаласы бойынша

ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалған