Қарабалық ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Қарабалық ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

2026 жылдың 16 ақпан күні сағ. 15:00 – 17:00 аралығында Қарабалық ауданы Қарабалық кентінде, «Қарабалық ауданы әкімнің аппараты» ММ-де Қарабалық аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Қарабалық-Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты  құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Аталған объектінің айналасында шектеу шаралары қарастырылған.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді, жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Қарабалық аудандық жедел штабы