
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының (ҰҚКД, ПД, ТЖД, ҚР ҰҰ ә/б 5513 және әкімдік) өкілдері қатысқан, Жамбыл облыстық терроризмге қарсы жедел штабымен жүргізген командалық-штабтық оқу-жаттығу сәтті аяқталды.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде функционалдық міндеттерді білу және ситуациялық тапсырмаларға жауаптар алу арқылы тексерілді. Екінші кезеңде іс-әрекеттер тәртіптері бойынша бейнеролик көрсету қамтылды. Үшінші кезеңде терроризмге қарсы заңнаманы білу деңгейін анықтау үшін қызметкерлерді тестілеу жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында жедел басқару, шешім қабылдау, құқық қорғау, арнайы және төтенше қызметтердің іс-әрекеттерін ескерту және үйлестіру мәселелері пысықталды. Қатысушылар іс-әрекеттердің үйлесімділігі мен кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті. Командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Алынған нәтижелер облыстың лаңкестікке қарсы қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады.
Материал ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті
ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды