
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ алаңында ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің үйлестіруімен, құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың профильдік басқармалары өкілдерінің қатысуымен Ақтөбе өңіріндегі террористік тұрғыдан осал объектілердің (бұдан әрі – ТТО) тізбесін жаңарту мәселесіне арналған жұмыс тобының биылғы алғашқы отырысы өтті.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері объектілерді тізбеге енгізу және одан шығару критерийлерін, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын іс жүзінде іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру қажеттілігін талқылады.
Қауіпсіздіктің заманауи техникалық құралдарын енгізу, персоналдың даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық шараларды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша ТТО объектілерінің тізбесін түзету жөнінде ұсыныстар әзірленіп, терроризмге қарсы қорғаныс саласындағы талаптарды іске асырудың нормативтік-құқықтық базасы мен практикалық тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша нақты қадамдар айқындалды.
ТТО объектілерінің тізбесін жаңарту жөніндегі жұмыс мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын және профильдік басқармалардың пікірлерін ескере отырып, жоспарлы түрде жалғастырылуда.
Материал Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД
ақпараты негізінде дайындалды