
Жамбыл облыстық Полиция департаменті ғимаратында облыстық, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің кезекшілік бөлімі қызметкерлеріне арналған терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге актісі қауіпі туындаған жағдайда кзекшілік бөлімдердің әрекет ету тәртібін жетілдіру, ақпаратты уақылы қабылдау және өңдеу, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту.
Семинар барысында терроризм актісітуралы хабарлама түскен кезде атқарылатын іс-қимыл алгоритмдері, жедел басқару органдарымен және арнайы қызметтермен ақпарат алмасу тәртібі, автоматтандырылған хабарландыру жүйелерін пайдалану мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар қызметтік құжаттаманы рәсімдеу, хабарламаларды тіркеу тәртібі, және нақты жағдайлар бойынша практикалық мысалдар ұсынылды.
Іс-шараны қорытындысында мұндай семинар-сабақтардың жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыруға, терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң ықпал етенін атап өтілді.
Материал ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті
ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды