"Салауатты ұлт – қауіпсіз мемлекет"

"Салауатты ұлт – қауіпсіз мемлекет"
Түркістан қаласында облыстық «Орталық су спорт кешені», «Туран спорт ойын түрлері клубы» және «Олимпиада резервін даярлау орталығы» мекемелерінің спортшылары мен қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, терроризм мен экстремизм идеологиясының алдын алу, сондай-ақ қатысушыларға шетелде бақылаусыз білім алу немесе интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді материалдарға сенудің ықтимал қауіптерін жан-жақты түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында тарихи тәжірибе мен дәстүрлердің еңбекқорлық, жауапкершілік және қоғам алдындағы міндеттерді адал орындау секілді қасиеттерді қалыптастырғаны айтылды. 
Бұл аспектілер қазіргі кезеңде экстремистік және террористік идеологиялардың таралуына қарсы тұру, жастарды саналы ақпарат тұтынуға үйрету, сондай-ақ күмәнді материалдарды сын тұрғысынан бағалау дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды болып саналады.
Кездесу барысында қазіргі таңда жастар арасында интернет арқылы таралатын теріс идеологиялардың қауіптері, олардың психологиялық және құқықтық салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Әсіресе экстремизм мен терроризмге тартудың жасырын тәсілдері, әлеуметтік желілердегі манипулятивті материалдар және жалған шақырулар бойынша нақты мысалдар түсіндірілді.
Сонымен қатар, ақпараттық сауаттылық, әлеуметтік желілерде қауіпті контентті анықтау және тиісті органдарға хабарлау жолдары талқыланды. 
Қатысушыларға экстремистік материалдарға сенбеу, жалған ақпараттан сақтану және өз ортасында қауіпсіздік мәдениетін дамыту қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріліп, ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолдарына қатысты ұсыныстар берілді. 
Кездесуге 200-ге жуық спортшылар мен мекеме қызметкерлері қатыстырылды.
  
 
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды