
Террористік сипаттағы қылмыстарға жауап беру дайындығын арттыру мақсатында 2026 жылғы қаңтардың 19–22 күндері Ақтөбе облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Оқу-жаттығулар Шалқар, Ырғыз, Хромтау және Әйтеке би аудандарын қамтыды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – лаңкестікке қарсы қорғаныс жүйесінің жай-күйін, сондай-ақ ықтимал дағдарыс жағдайларына жедел әрекет ету дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығулар жедел штаб мүшелері мен жедел топтардың қатысуымен теориялық форматта өткізілді.
Аудандық терроризмге қарсы комиссия аппараттарында практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.
Материал Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД
ақпараты негізінде дайындалды