Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
12 ақпан күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының аумағында терроризмге қарсы Сарысу аудандық жедел штабымен «Жаңатас-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы