Рудный қаласында жедел-тактикалық жаттығуөткізу туралы

Рудный қаласында жедел-тактикалық жаттығуөткізу туралы
2026 жылдың 10 ақпан күні сағ. 12:00 17:00 аралығында Қостанай облысы Рудный қаласында, «Мечта» дүкенінде (Рудный қ., Марите к., 2 құр.) Рудный қалалық терроризмге қарсы жедел штабы «Рудный-Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Аталған объектінің айналасында шектеу шаралары қарастырылған.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді, жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҚостанай облыстық жедел штабы