Тараз қаласында адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің басшыларымен терроризмге қарсы қорғалу мәселелері бойынша сабақ өткізілді

Тараз қаласында адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің басшыларымен терроризмге қарсы қорғалу мәселелері бойынша сабақ өткізілді
Тараз қаласында адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің басшылары мен жауапты тұлғаларына арналған терроризмге қарсы қорғалу мәселелері бойынша жоспарлы оқу-әдістемелік сабақ өтті.
Іс-шара террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған жағдайда объект басшыларының әрекет ету дайындығын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сабақ барысында келесі мәселелер қаралды:
•адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің антитеррористік қорғалуына қойылатын негізгі талаптар;
•объектілердің антитеррористік қорғалу паспорттарын әзірлеу және өзектендіру тәртібі;
•төтенше жағдайлар мен террористік сипаттағы қауіптер туындаған кездегі персоналдың іс-қимыл алгоритмдері;
•құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері;
  • тексерулер барысында анықталатын типтік кемшіліктер және оларды жою шаралары.
Қатысушыларға өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру, бейнебақылау, хабарландыру және адамдарды эвакуациялау жүйелерін қамтамасыз ету, сондай-ақ персоналмен нұсқама өткізу және оқу-жаттығулар ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қауіп-қатерлерге жедел ден қою дағдыларын қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің басшылары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Тараз қаласында антитеррористік қауіпсіздік саласындағы оқыту және алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
 
 
Материал ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде