Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының өткізілген отырысы туралы

Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының өткізілген отырысы туралы

ҚР ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде генерал-майор Б.С.Валениязовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабының 2025 жылғы жұмысының қорытынды отырысы өткізілді.
Жиын жұмысына құқық қорғау, арнайы және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары қатысты.
Өңірде өткізілген түрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар мен жаттығулардың нәтижелері қаралып, ықтимал лаңкестік қауіптерге жауап беруге БҚОЖШ күштері мен құралдарының дайындығы туралы баяндама тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін және дағдарыс жағдайында әрекет етуге дайындық деңгейін арттыруға бағытталған қосымша ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар кешені айқындалды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, хаттамалық тапсырмалар ресімделді, жауапты орындаушылар мен оларды іске асыру мерзімдері айқындалды.

 

Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған