Экстремизмнің алдын алу: үш ЖОО студенттерімен кездесу

Экстремизмнің алдын алу: үш ЖОО студенттерімен кездесу

«Мирас» университетінде, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де және Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде студенттерге арналған ақпараттық-ағартушылық кездесулер ұйымдастырылып, оған 500 адам қатысты.
«Патриотизм және рухани иммунитет: жастарды радикалды идеологиядан қорғау» тақырыбындағы іс-шараларда ұлттық құндылықтарды нығайтуға, діни сауаттылықты арттыруға және жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға баса назар аударылды.
Спикерлер әлеуметтік желілердегі жалған діни ақпараттың қаупін атап өтіп, ресми және тексерілген дереккөздерді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесулер барысында спикерлер патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің рөлінен, ақпараттық қауіпсіздік негіздерінен хабардар етті.
Студенттерге патриоттық рухты нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Ұйымдастырушылар аталған іс-шаралар жауапты және радикалды ықпалдарға төзімді жастарды қалыптастыруға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.

 

Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды