Шымкентте ТҚК жұмыс тобының отырысы өтті

Шымкентте ТҚК жұмыс тобының отырысы өтті

Қала әкімінің орынбасары С. Құранбектің төрағалығымен қалалық Терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының отырысы өтіп, онда жұмыс тобы мүшелерімен қатар мүдделі органдардың өкілдері, ЖОО басшылығы қатысты.
Отырыс барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремистік және террористік сипаттағы қауіптердің алдын алу мәселелері қаралды.
Қатысушылар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ радикализмнің теріс көріністерінің алдын алуда білім беру және жастар ұйымдарының рөлін арттыру мәселелерін талқылады.
Жастарды алдын алу мәселесіне тартуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ отырыс барысында қатысушылар террористік тұрғыдан осал объектілерді заманауи бейнебақылау жүйелерімен қамтудың маңыздылығын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік орган мен мүдделі құрылымдарға нақты тапсырмалар беріліп, оларды іске асырудың әрі қарайғы шаралары мен мерзімдері айқындалды.

 

Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды