Алматы қаласының көліктегі полиция басқармасы терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілікті еске салды

Алматы қаласының көліктегі полиция басқармасы терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілікті еске салды

2025 жылдың басынан бері көліктегі полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша 64 деректі тіркеді.
Әуе және теміржол көлігі нысандарында әзіл ретінде жасалатын мұндай хабарламалардың жиілеп кетуі алаңдаушылық туғызуда. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 40 адам анықталып, ұсталды.
Көліктегі полицейлер терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін заңмен қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай іс-әрекет үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салу, не осы мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не бес жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сонымен қатар сот шешіміне сәйкес кінәлі тұлғалар жалған шақыртулар салдарынан жұмсалған шұғыл қызметтердің барлық шығындарын толық көлемде өтеуге міндеттеледі.


Материал Алматы қаласы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалған